Жетім Бизон.
Сүтқоректілердің арасында бизондардың ұрпақ тәрбиесі таңқалдырады. Олар адамдар сияқты "менің балам, сенің балаң "деп үйірдегі бұзауларды бөлмейді. Жаңа туған төлдің аяқтанып кетуіне барлығы күш салады. Еуропалықтар Солтүстік Америкаға жаңадан қоныстанып жатқанда миллиондаған бизонды батыс əлемінде саудалайды.Арасында табиғи өңделген жүні жұқа терілерді кездестіріп қатты таңқалған екен(он мыңнан бірі).Үндістердің айтуынша, мұндай əдемі терілер анасынан жастай айырылған жетім бизондардыкі.Анасынан жас қалған жетім бұзау тұтастай табының төліне айналады.Адам баланы еркелетсе маңдайынан сипап, бетінен сүйеді. Ал, бизондар жалайды........Өзге бизондардың жетім бұзауға деген махаббатының арқасында осындай көз тартарлық əдемі терілер пайда болады екен. Үйірдегі əр бизон мейірлене жалай бергесін жас бұзаудың терісі табиғи өңделіп,əдеттегіден ғажайып теріге айналса керек.......
Бұдан шығар қортынды Жетімдерді қалай өсіру керектігін бизоннан үйренген абзал...Бизондар арасындағы жетім төл жылтыраса да,адамдар арасындағы жетімдер "жылтырай"бермейді.